logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Білім беру үдерісіне жасанды интеллект енгізу бойынша зерттеу нәтижелері

20 қаңтар 2025 11:41

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары «Білім беру үдерісіне жасанды интеллект енгізу бойынша зерттеу нәтижелері» тақырыбында желілік әдістемелік кеңеске қатысты.

Бұл онлайн шараға басқа өңірлердегі 16 NIS педагогі де қатысып, 7 секцияда жасанды интеллектті әртүрлі пәндерде қолданудың тиімді жолдарын зерттеді. Олар оқушылардың ойлау қабілетіне жасанды интеллекттің әсерін талдап, білім беру процесін оңтайландыру және автоматтандыруда осы технологияның мүмкіндіктерін қарастырды.

Әдістемелік кеңес барысында әр педагог жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тереңірек зерттеп, өз білімдерін кеңейтті.