logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлері

21 қаңтар 2025 11:56

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ХХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. 12 сынып оқушысы Жасын Егнай информатика пәнінен 2 орынға, 11 сынып оқушысы Арман Баймағамбет математика пәнінен 3 орынға ие болды.

Жәутіков олимпиадасы — бұл математика, физика және информатика пәндерінен халықаралық деңгейде өтетін олимпиада.

Олимпиаданың мақсаты — жас дарындарды анықтап, олардың ғылыми әлеуетін дамыту, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық дағдыларын арттыру, ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, халықаралық деңгейде білім алмасуды қолдау болып табылады.