Жаңалықтар
Ақ раушан гүлдер
24 ақпан 2025 11:27
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ақ раушан гүлдер» акциясы өтті.
Шараның мақсаты – мектептің кіші қызметкерлеріне құрмет көрсету, олардың атқарып жүрген жұмыстарын бағалау және еңбектеріне алғыс айту болды.
Оқушылар таңертен кіші қызметкерлерді ақ раушан гүлдерімен қарсы алып, жылы лебіздерін білдірді. Әр үзіліс кезінде зиятерлер тазалық жұмыстарына да атсалысты. Керемет мерекенің қорытындысы ретінде концерт ұйымдастырып, сыйлықтарын тарту етті.