logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мамандықтар жәрмеңкесі өтті

18 сәуір 2025 11:54

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушыларға арналған «Мамандықтар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Іс-шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген ата-аналар қатысып, өз мамандықтары туралы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Бұл жәрмеңке оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, еңбек нарығында қаншалықты сұраныста екенін білуге мүмкіндік берді. Шара мектеп пен ата-аналар арасындағы байланыс нығайып, оқушылардың кәсіби бағдарлануына үлкен үлес қосты.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-