logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жас мамандар сайысы өтті

29 сәуір 2025 11:57

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жас мамандар арасында ашық сабақтар байқауы өтті. Ағымдағы оқу жылының бірінші жартыжылдығында жас және жаңадан қабылданған мұғалімдер «Бастау» бағдарламасы аясында дайындық курсынан өтті.

Бұл бағдарлама – мамандарды кәсіби қолдау қауымдастығы. Курстың барысында тәжірибелі пән мұғалімдері мен тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды оқыту мен дамытуға қатысты өзекті тақырыптар бойынша семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізді. Менторлардан алған барлық білім мен тәжірибені жас мұғалімдер өз сабақтарында тиімді қолдануда.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-