logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

WRO

30 сәуір 2025 12:05

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде роботтардың WRO (World Robot Olympiad) Олимпиадасының аймақтық кезеңі өтті.

Сайыстың басты мақсаты – инженерлік шығармашылық пен білім алуға қызығушылығы бар оқушыларды бір алаңда біріктіру.

Биылғы жарыс «Роботтар болашағы» тақырыбында өтті. Командалар робототехниканың жаһандық мәселелерді шешуге және адамдардың өмірін жақсартуға қалай көмектесетінін зерттеді.

8-ден 19 жасқа дейінгі балалар қатысқан жарыс 6 санат бойынша ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік атанған командалар Шымкент қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-