logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

30 мамыр 2025 16:43

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2024-2025 оқу жылының соңғы қоңырауы соғылды. Мерекелік шара Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай жолымен болашаққа» атауымен өтті.

Биыл білім ошағының 132 түлегі алтын ұя мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Мерекелік жиында мектеп директоры Жанар Умбетаева оқушылар мен ата-аналар қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге ақ жол тіледі.
Оқу жылы жетістіктерге толы болды. Оқушылар түрлі деңгейдегі білім додадаларында топ жарды. Салтанатты жиын барысында оқу жылын үздік аяқтаған оқушылар, жүлдегерлер қошеметке бөленді.

Соңғы қоңырау шарасында түлектердің ата-аналары мектеп ұжымына алғыс айтып, үлкен өмірге қадам басқалы отырған балаларына жылы лебіздерін білдірді.

Оқу жылының қорытынсы бойынша «Үздік шаңырақ» номинациясымен «Бірлік» шаңырағы марапатталды. Олар Тараз қаласында өтетін «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясына жолдама жеңіп алды.

Мерекелік жиын түлектердің алты жыл бойы білім алған алтын ұяларына деген ыстық лебіздерімен жалғасты. Дәстүрлі түлектер вальсінен соң соңғы қоңырау соғу салтанаты түрлі олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері Тамерлан Нұрлыбек пен «Алтын белгі» иегері және «Шырмауық Лигасына» кіретін жоғарғы оқу орнына қос диплом бағдарламасына қабылданған Дания Артыкбаеваға берілді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-