Жаңалықтар
Шахматшылар жеңісі
06 маусым 2025 11:49
Павлодардағы NIS оқушылары облыстық іріктеуден қыздар және ұлдар арасында жылдам шахмат жарысы бойынша жалпы командалық есепте үздік нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды.
Мектеп намысын Ельнур Зейнышев, Темирлан Омар, Алихан Даулет және Дильназ Ержан қорғады.
Енді жеңімпаздар турнирдің республикалық кезеңіне қатысатын болады.
Оқушыларды жарысқа шахмат пен тоғызқұмалақ мұғалімі Лаззат Жангазинова дайындады.
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі командаға алдағы жарыста сәттілік тілейді.