Жаңалықтар
Ақ жол, жас түлек!
19 маусым 2025 11:51
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 132 шәкірт үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы түлектердің ішінде төрт оқушы – Мадина Мадьярова, Дания Артықбаева, Айдана Юсупова және Тамила Рахимбаева – «Алтын белгі» иегері атанды. Сонымен қатар, 13 түлекке үздік аттестат табысталды.
Салтанатты кеште жүрекжарды тілектер айтылып, ата-аналар түлектерге арнап ән шырқап, би биледі. Шара барысында мектеп бітірушілерге «NIS Alumni» қауымдастығы атынан арнайы төсбелгілер табысталды. Бұл құрметті міндетті Павлодардағы NIS-тің химия пәні мұғалімі әрі мектеп түлегі Нұрқасым Абраев атқарды.