logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Халықаралық жүлде!

07 шілде 2025 12:00

Павлодар қаласындағы NIS-тің оқушысы Мансұр Тұрсынғалиев Литваның Вильнюс қаласында география пәнінен Еуропалық олимпиадада (EGeO) Қазақстан құрамасының сапында бақ сынап, қола медальға ие болды.

Мансұр бұған дейін де география пәнінен түрлі олимпиадаларға қатысып, жетістістіктерге жеткен. Оқушыны олимпиадаларға Павлодар қаласындағы NIS-тің география пәнінің мұғалімі Алия Қасымова дайындайды.

Айта кетейік, European Geography Olympiad 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиада оқушылардың география және қоршаған ортаға қызығушылығын арттыруға, ғылыми ойлауын дамытуға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы кәсіби және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Байқау үш кезеңнен тұрады: жазбаша тапсырма, мультимедиялық тест және далалық тур. Барлық кезең ағылшын тілінде өтеді.