logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары Испанияда өткен STEM-олимпиадасының гранд-финалында медальдарға ие болды

17 шілде 2025 12:04

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Испанияның Барселона қаласында өткен 5-ші Халықаралық STEM олимпиадасының (STEM Olympiad) гранд-финалында жүлделі орындарға ие болды.

«Математика» санатында Арман Әубәкір І орынға, Жәнібек Нұрхамитұлы ІІ орынға, Алихан Танат ІІІ орынға ие болды. Ал «Бағдарламалау» категориясында Арман мен Жәнібек күміс, Алихан қола медаль жеңіп алды. Оқушыларды Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Азамат Джунусов дайындады.

Әлемнің 40-тан астам елінен қатысушылар жиналған бұл дода ғылым, технология, инженерия және математика салаларындағы білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.

Айта кететін жайт, аталған халықаралық олимпиадада Қазақстанның намысын қорғау үшін Павлодардағы NIS оқушылары «Білім берудегі инновациялар – 2024» STEM-олимпиадасының бірнеше кезеңіне қатысып, іріктеуден өткен.