Жаңалықтар
Таңда, ойлан, жауап бер
24 желтоқсан 2025 15:58
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Екібастұз қаласындағы №25 қазақ қыздар гимназиясының оқушыларымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Таңда, ойлан, жауап бер» атты онлайн интеллектуалдық ойынға қатысты. Шараның негізгі мақсаты – дарынды оқушылардың интеллектуалдық және танымдық қабілеттерін дамыту, білім алушылардың өз халқының әдебиеті мен тарихына деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін нақты тәжірибеде қолдана білуге үйрету, сондай-ақ мектепаралық ынтымақтастықты нығайту. Ойынға әр мектептен 10–11-сыныптар арасынан 3 оқушыдан қатысып, өздерінің білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін көрсетті. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.