Жаңалықтар
Жас автордың жетістігі: NIS оқушысының ертегісі жинаққа енді
06 қаңтар 2026 15:19
С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өлкетану ертегілері байқауының қорытынды шарасы және «Ертіс-Баян ертегілері – Сказки Павлодарского Прииртышья» жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шараға жас авторлар, иллюстраторлар, ұстаздар, ата-аналар және кітапханашылар қатысты.
Жобаның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты Ертіс-Баян өңірінің мәдени мұрасын зерделеуге және сақтауға тарту, оқушылардың әдеби қабілеттерін дамыту, ұлттық тарих пен ана тіліне құрмет сезімін қалыптастыру.
Аталған жинаққа Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Маржан Оралованың «Сиқырлы кітапхана» атты ертегісі енді. Бұл еңбекте жас авторымыздың шығармашылық көзқарасы және өзі білім алып жатқан оқу орнындағы кітапханаға деген сүйіспеншілігі бейнеленген.