logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Алғашқы қоңырау соғылды!

02 қыркүйек 2025 15:41

Павлодар қаласы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған алғашқы қоңырау салтанаты өтті.
Биылғы оқу жылы ерекше — алғаш рет мектеп табалдырығын 7-сынып оқушыларымен бірге 5-сынып оқушылары да аттады.

Салтанатты жиында мектеп директоры Жанар Умбетаева жиналғандарды Білім күнімен құттықтап, шәкірттерге сәттілік, шығармашылық шабыт және жоғары жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, 2024-2025 оқу жылының үздік оқушыларын марапаттады.

Алғашқы қоңырауды соғу құрметі жоғары ұпаймен мектепке түскен 7 «А» сыныбының оқушысы Алдияр Тоқтаров пен 7 «Е» сыныбының оқушысы Сара Төлегенге бұйырды.

Салтанатты жиыннан кейін мектеп оқушылары бірыңғай тәрбие сағатына қатысты.

Жаңа оқу жылында ұстаздар мен оқушыларға табысты еңбек, жаңашылдық пен жарқын жетістіктер тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-