logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Марапат - еңбектің жемісі

06 қазан 2025 09:34

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі–сарапшысы Қуаныш Қонкышев кәсіби мереке қарсаңында Басқарма Төрағасы Ануар Жанғозиннің атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Аталған марапат Астана қаласында өткен салтанатты жиында табысталды. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген NIS жүйесінің үздік мамандары қатысты.

Қуаныш Сағындықұлы — мектеп ашылған күннен бастап еңбек етіп келе жатқан, талай дарынды шәкіртті тәрбиелеген тәжірибелі ұстаз.