logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушылар кәсіби бағдар аясында "Қазақстан алюминийі" АҚ-на экскурсия жасады

24 қазан 2025 09:41

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9–11-сынып оқушылары еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамына кәсіби бағдарлау мақсатындағы экскурсияға қатысты.

Сапар шикізатты дайындау цехынан басталды. Мұнда оқушылар боксит, әктас, көмір және антрациттің түсіріліп, өңделу процесін өз көздерімен көрді. Балалар алып рельсті экскаватор – отвал қалыптастырғыштың жұмысын қызығушылықпен бақылады. Ол шикізатты қоймаларға жинап, өндірістік цехтарға жеткізеді. Сондай-ақ, олар карьерлерде қолданылатын арнайы техникалармен, соның ішінде Kamatsu самосвалдары мен Liebherr бульдозерлерімен танысты.

Сонымен қатар гидрометаллургиялық цехында да болды. Мұнда оқушылар глиноземнен алюминий өндірудің кезеңдерімен танысты. Олар түтікшелі пештердің жұмысын көріп, күрделі технологиялық процестің негізгі қағидаларын білді.

– Ең есте қалғаны – алып пештер. Жылу мен жарықтан лаваға өте жақын тұрғандай боласың. Алюминий өндірудің орасан зор ресурстарды қажет ететінін түсіндім – өте жоғары температура мен көп мөлшердегі электр энергиясы қажет. Машиналардың, желдеткіштердің гуілі мен ыстық металдың химиялық иісі ерекше әсер қалдырды. Енді тіпті кәдімгі алюминий банканың өзіне қанша еңбек пен технология кететінін жақсырақ түсіндім, – дейді 10-сынып оқушысы Арлан Каленов.

Бұл олардың нақты кәсіби ортаны сезініп, өз қызығушылықтары мен болашақ таңдауын анықтауына көмектеседі, еңбек жағдайын шынайы көруге мүмкіндік береді.