logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектепішілік пән олимпиадасы өтті

23 қазан 2025 09:46

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиада ұйымдастырылды. Білім сайысына 700-ге жуық оқушы қатысып, таңдаған пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды.

Бұл – оқушылардың білім деңгейін анықтауға және келесі кезеңдерге үздіктерді іріктеуге бағытталған маңызды кезең. Олимпиаданың мектепішілік іріктеуінен өткен қатысушылар Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік кезеңге жолдама алады. Ал желілік кезеңнің жеңімпаздары республикалық деңгейдегі білім додасында бақ сынайды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-