Жаңалықтар
Павлодардағы NIS оқушылары Республика күніне орай домбырашылар флешмобын өткізді
24 қазан 2025 10:44
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өнерпаз оқушылары Республика күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Ұлы дала ұландары» атты домбырашылар флешмобын ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық мұраларымызды ұлықтау, жастарды дәстүрлі өнерге баулу және көпшілік арасында қазақтың төл аспабы — домбыраны насихаттау.
Флешмоб қаладағы ірі сауда орталықтарының бірі — «Batyr Mall»-да өтті. Домбыра үнімен басталған кеште оқушылар бірқатар халық күйлерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Оған қоса, мектептің өнерлі оқушылары ән шырқап, би билеп, мерекелік кештің шырайын аша түсті.