logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Тірек мектептер тағылымдамадан өтті

11 қараша 2025 11:47

Павлодардағы NIS-те тірек мектептердің мұғалімдері мен әкімшілігі тағылымдамадан өтті. Олардың қатарында «Заря жалпы білім беретін мектебі», Ақтоғай ауданы «Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі», «Көктөбе жалпы білім беретін орта мектебі», Екібастұз қаласы «Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебі», Баянауыл ауданы «Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі», Тереңкөл ауданы «Қатша Оспанов атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебі», Аққулы ауданы «Аққулы ауылының жалпы білім беретін мектебі», «№4 Ертіс жалпы орта білім беретін мектебі», Железин ауданы «№2 жалпы білім беру мектебі», Шарбақты ауданы «Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі», Ақсу қаласы «Ақсу қаласының Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебі», Успен ауданы «А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі». Соңғы 4 мектеп «Ауылдық тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасына биыл қосылды.

Тірек мектептер мұғалімдерінің кезекті тағылымдамасының негізгі мақсаты - мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау, жалпы педагогикалық мәселелерді бірлесіп кәсіби шешу.

Екі күн қатарынан өткен тағылымдамаға аталған мектептерден 200-астам педагог жиналып, пәндер бойынша сабақтарға қатысты. Павлодардағы NIS педагогтері «Оқыту ресурстарын саралау жолдары», «Тиімді оқу және оқыту», «Формативті бағалау үшін тапсырмалар құрастыру» сынды тақырыпта шеберлік сағатын ұйымдастырды. Педагогикалық шеберлік орталығының менеджерлері «Сабақты тиімді жоспарлау», «Мектепте білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» тақырыптарында семинар өткізді. Ал кітапханашылар «Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда мектеп кітапханасының рөлі» тақырыбын талқылады. Психологтар «Буллингті алдын алу мен KIVA бағдарламасы» тақырыбында семинар өткізді.

Тірек мектептердің әкімшілігі Павлодардағы NIS директоры Жанар Умбетаеваның «Мектепті дамыту жоспары шеңберіндегі менеджмент жобасы», директор орынбасарлары Нұрболат Темиров пен Асима Халикованың «Мектеп аумағында оқушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесі», педагогикалық шеберлік орталығының «Мектепте білім беру процесін басқарудағы цифрлық технологиялар және жасанды интеллект»тақырыбында кездесуге қатысты.
Тәжірибе тарату «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын әдістемелік қолдау аясында жүзеге асырылуда. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Қазақстан халқына» ҚҚ, «Білім беруді тұрақты дамыту Қоры» ҚҚ бірлесіп жүзеге асырылатын жоба ауыл балаларына сапалы білім алуда тең мүмкіндіктер жасауға көмектеседі.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-