logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жаңа жылдық ертегі

24 желтоқсан 2025 14:26

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасының тәрбиешілері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларды қуантты. Қайырымдылық шарасы аясында ертегі кейіпкерлері Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталыққа барды.

Мереке барысында мекеме тәрбиеленушілері түрлі қызықты ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Балалар Аяз атамен және ертегі кейіпкерлерімен бірге көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізіп, тәтті сыйлықтарға ие болды.

Қайырымдылық шарасына қол ұшын созған Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы атынан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-