logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Samgau» түлектер форумы

26 желтоқсан 2025 14:29

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Samgau» түлектер форумы өз жалғасын тапты.

Алтын ұя мектептен үлкен өмірге қанат қаққан 60-қа жуық түлекті оқушылар мен ұстаздар қауымы жылы ықыласпен қарсы алды. Шараның басты мақсаты — оқушыларға кәсіби бағдар беру, түлектердің тәжірибесімен бөлісу арқылы болашаққа дұрыс бағыт-бағдар ұсыну.

10–12-сынып оқушылары мен түлектер қатысқан форумның ашылу салтанаты Павлодардағы NIS директоры Жанар Умбетаеваның құттықтау сөзімен басталды.

— Бұл форум жоғары сынып оқушыларына болашақ жолын айқындап, дұрыс әрі тиімді шешім қабылдауға көмектеседі деп сенемін. Түлектеріміз сіздермен ең маңызды әрі пайдалы кеңестерімен бөліседі. Мектебімізде оқушылар тек академиялық білім алып қана қоймай, еңбекқорлықтың, табандылық пен жігерліліктің маңызын түсінеді. Бұл құндылықтар болашақта беделді университеттерде білім алуда да, кәсіби ортада да үлкен қолдау болатын дағдыларды қалыптастырады, — деп атап өтті мектеп директоры.

Форумның сессиясында түлектер университетке түсу жолдары, таңдаған мамандықтарының ерекшеліктері, нақты университеттердегі гранттар мен стипендиялар туралы жан-жақты ақпарат беріп, өздерінің жеке тәжірибелерімен, пайдалы кеңестерімен және жетістікке жету жолындағы маңызды қадамдарымен бөлісті.

Форумның жабылу салтанатында Alumni NIS атынан мерч ұтысы ұйымдастырылып, мектеп өміріне қатысты сұрақтарға жауап берген қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-