logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Павлодардағы NIS оқушысы Жәутіков олимпиадасының жүлдегері

22 қаңтар 2026 11:33

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айдархан Кәрімберген Алматы қаласында өткен халықаралық Жәутіков олимпиадасында физика пәні бойынша ІІІ орынға ие болды.

Беделді білім додасында 16 елден келген дарынды оқушылар өзара бақ сынап, күрделі теориялық және практикалық тапсырмаларды орындады. Айдархан жоғары дайындық деңгейін, көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді.

Павлодардағы NIS Айдарханды және оның жетекшісі — физика пәнінің мұғалімі Әсел Карибжанованы құттықтап, алдағы уақытта үлкен жетістіктер тілейді.