Жаңалықтар
Мунира Рау шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионатында ІІ орынға ие болды
03 ақпан 2026 11:38
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Мунира Рау шахматтан 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында блиц санаты бойынша ІІ орынға ие болды.
Жарыс Түркістан қаласында өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық қатысушыны жинады. Бұл Мунираның аталған чемпионаттағы алғашқы жүлделі орны. Бұған дейін де бірнеше мәрте бақ сынап жүрген ол шахматтан түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы атанып келеді. Қазіргі таңда Мунира Павлодар облысының құрамасы сапында өнер көрсетуде.