logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS мұғалімі халықаралық SHARE конференциясында тәжірибесімен бөлісті

11 ақпан 2026 11:42

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Мөлдір Муғражқызы халықаралық SHARE жобасы аясында ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысты.

Іс-шара барысында педагог Action research зерттеу жұмысы аясындағы тәжірибесімен бөлісті. Конференцияға 300-ден астам жобаға қатысушы педагогтер, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдері, Bottisham Village College (Кембридж) мектебінің өкілдері, сондай-ақ Кембридж университетінің құрметті профессоры Коллин Маклафлин мен білім саласындағы зерттеуші Кейт Эванс және басқа да мамандар қатысты.

Секциялық отырыстар барысында жобаға қатысушы мектептердің зерттеуші-педагогтері өз зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылармен өзекті мәселелерді талқылады.

Конференцияның «Постер-сессия» бөлімінде зерттеуші-педагогтер жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс беріп, конференция жұмысы қорытындыланып, алдағы уақытқа ұсыныстар жасалды.