logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Даналық бейсенбі»: мемлекеттік қызметкермен кездесу

06 наурыз 2026 11:45

«Даналық бейсенбі» жобасы аясында Павлодар облысы бойынша Жер қойнауын пайдалану, су ресурстары және қоршаған орта басқармасының басшысы, мемлекеттік қызметші Сағын Төлеутаевпен кездесу өтті.

Кездесу барысында спикер оқушыларға өзінің кәсіби қызметі, мемлекеттік қызметтің маңызы және мемлекеттік басқару саласындағы жұмыстың ерекшеліктері туралы айтып берді. Оқушылар мемлекеттік қызмет пен болашақ мамандық таңдауға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Сағын Төлеутаев жеке тәжірибесімен бөлісіп, пайдалы кеңестер беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-