logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлделі орын

19 наурыз 2026 11:49

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 8–11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлделі орындарға ие болды.

«Экономика» секциясында Амина Мубаракова мен Нұрсұлтан Нағашбай ІІІ орын иеленді.
Жетекшілері: информатика пәнінің мұғалімі Мадияр Кайрулла және математика пәнінің мұғалімі Бахытгул Хавидолда.

Ал Камила Аргынова «Әдебиет (қазақ әдебиеті)» секциясында ІІІ орын иегері атанды.
Жетекшісі: қазақ тілі пәнінің мұғалімі Асемгуль Досмагамбетова.

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі республикалық деңгейде мектеп намысын абыроймен қорғаған оқушылар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтайды! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!