Жаңалықтар
Павлодардағы NIS оқушылары республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды
02 сәуір 2026 12:03
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 9–11(12) сыныптар арасында өткен география және химия пәндері бойынша республикалық олимпиадада тағы да жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
География пәні бойынша:
– Ардақ Қабдыр — ІІ орын. Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Қуаныш Конкышев;
– Бахтияр Даниялов — ІІ орын. Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Темірхан Касымов;
– Мансур Турсунгалиев — ІІ орын. Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Алия Касымова;
– Шыңғыс Мүрсәлім — ІІ орын. Жетекшісі: география пәнінің мұғалімі Қуаныш Конкышев.
Химия пәні бойынша:
– Бекарыс Каиржанов — ІІІ орын. Жетекшісі: химия пәнінің мұғалімі Ирина Бабич.
Оқушыларды және олардың жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!