Жаңалықтар
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды
09 сәуір 2026 12:07
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Темиров «Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Нұрболат Темиров аталған білім ордасы ашылған күннен бастап еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сондай-ақ тарих пәнінің сарапшы-мұғалімі қызметін абыроймен атқарып жүр.
Оның жетекшілігімен оқушылары республикалық ғылыми жобаларда, пәндік олимпиадалар мен түрлі конкурстарда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып келеді.