logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Республикалық олимпиадада алтын медаль

16 сәуір 2026 12:10

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Абылайхан Амангулов жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада алтын медальге ие болды. Ол Шымкент қаласында өткен білім додасына «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Жетекшісі — Павлодардағы NIS мұғалімі Күнсұлу Оразалина.

Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыны және оның жетекшісін жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейді!