logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жас ғалым

17 сәуір 2026 12:11

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5-сынып оқушысы Жансая Антикеева тренері Асет Куатованың жетекшілігімен лингвомәдени элементтері бар «Зоркий глаз» интерактивті көз тренажерін жасап шығарып, ғылым әлеміне алғашқы қадамын басты.

Тренажер компьютерлік көру синдромының алдын алуға арналған пайдалы жаттығулар кешенін қамтуымен қатар, тілді қазақ мақал-мәтелдерімен байытуға, ұлттық музыкалық аспаптардың ерекше үнімен танысуға бағытталған.

Жансаяның бұл ізденісі бірнеше беделді байқауларда үздіктер қатарынан көрінді: «XXVI Сәтпаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы — үздік үштікке еніп, ІІІ орынды иеленді. «Зерде» оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының желілік кезеңі – ІІІ орын.

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ең жас ғалымды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейді!