Жаңалықтар
Кітап әлемді бағындырады!» атты мектепішілік кітап сыйлау акциясы
28 сәуір 2026 12:16
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап әлемді бағындырады!» атты мектепішілік кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды.
Бұл ерекше шара барысында мектеп ұжымы мен 12-сынып оқушылары өзара 100-ден аса түрлі авторлардың кітаптарымен алмасты. Акция оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырумен қатар, оқу мәдениетін насихаттауға және білім алмасуға үлкен үлес қосты.
Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның рухани дамуға қосатын үлесі ерекше аталып өтті. Осындай мазмұнды шаралар жас ұрпақты кітап оқуға баулып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.