Жаңалықтар
ТМД-ның үздік оқушысы
30 сәуір 2026 12:18
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5-сынып оқушысы Эльсид Эльмурзиев оқудағы жоғары жетістіктері, білімге деген ұмтылысы және халықаралық деңгейде көрсеткен жоғары нәтижелері үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің оқушылары арасында өткен «ТМД-ның үздік оқушысы» халықаралық байқауының жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аталған байқау елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және дарынды жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Павлодар қаласындағы NIS ұжымы Эльсидты жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді!