Жаңалықтар
Креативті тартыс
15 мамыр 2026 12:20
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Ермек» командасы халықаралық «Креатив-бой» зияткерлік ойынының финалдық кезеңінде ІІ орын иеленді. Команда құрамында 8-сынып оқушылары Санжар Кален, Тамерлан Турағул, Ермек Аронов және 7-сынып оқушысы Алан Төлеубай болды.
Халықаралық кезеңге Қазақстаннан 4 команда және Ресейден 5 команда қатысты.
Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары 2014 жылдан бері жыл сайын желілік «Креатив-бой» ойындарын өткізіп келеді. Осы уақыт ішінде жоба оқушылардың логикалық ойлауын, креативтілігін және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.
Мектепте сондай-ақ өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы әдістемесі негізінде осындай жарыстарға дайындайтын клуб жұмыс істейді. Клубтың ерекшелігі — оны осы байқаулардың бұрынғы жеңімпаздары болған оқушылардың өздері жүргізеді. Олардың көпшілігі көшбасшы атанып, облыстық креатив-бойларды өз бетінше ұйымдастырған.
Солардың бірі — 10-сынып оқушысы Нурия Есімханова. Қазіргі таңда ол кіші сынып оқушыларын дайындап, оларға жаттығу тапсырмаларын ұсынады, тиімді стратегияларды түсіндіреді және өз тәжірибесі арқылы тапсырмаларды қалай дұрыс шешу керектігін, қандай тәсілдерді қолдану қажет екенін үйретеді.