logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

European Geography Olympiad халықаралық олимпиадасында күміс медаль

07 шілде 2026 12:39

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Шыңғыс Мұрсәлім Болгарияның Варна қаласында өткен European Geography Olympiad (EGeO) халықаралық олимпиадасында Қазақстан құрамасының намысын қорғап, күміс медаль жеңіп алды.

Шыңғыс география пәнінен басқа да олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген дарынды оқушылардың бірі. Оны білім додаларына Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі Қуаныш Конкышев дайындайды.

European Geography Olympiad (EGeO) – 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық білім додасы. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың география мен қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту және түрлі елдердің жас географтары арасындағы кәсіби әрі мәдени ынтымақтастықты нығайту. Байқау үш кезеңнен тұрады: жазбаша тур, мультимедиялық тест және далалық кезең. Олимпиаданың барлық тапсырмалары ағылшын тілінде орындалады.