logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS RUN: отбасы — бірліктің бастауы

12 қыркүйек 2026 11:39

12 қыркүйек күні Павлодар қаласындағы Ertis Promenade сахнасында Отбасы күніне орай алғаш рет NIS RUN отбасылық жүгіру марафоны өтті.

Ауқымды спорттық шараға 400-ге жуық қатысушы — NIS оқушылары, педагогтері мен ата-аналары қатысты. Марафонның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы мүшелерін ортақ спорттық белсенділікке тарту және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылған NIS RUN қатысушыларға ерекше көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады. Марафонға әр жастағы жандар қатысып, спорттың жасқа шектеу қоймайтынын көрсетті. Ең үлкен қатысушы — 80 жаста, ал ең кішкентай қатысушы — 4 жаста.

Шара барысында қатысушылар бірнеше номинация бойынша марпатталып, өздерінің спорттық белсенділігі мен командалық рухын көрсетті. Марафон бағдарламасы концерттік қойылымдармен, музыкалық сүйемелдеумен және көтеріңкі көңіл күймен толықты.

NIS RUN — бұл тек жүгіру жарысы ғана емес, ата-ана мен бала, ұстаз бен оқушыны бір ортаға біріктірген отбасылық мереке. Бірге өткізілген әр сәт қатысушыларға жылы естеліктер сыйлап, отбасы құндылығының маңызын тағы бір мәрте көрсетті.