logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары баскетболдан ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің жеңімпазы

26 наурыз 2025 12:55

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары баскетболдан ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды.
Жарыс Тимирязев ауылында өтті. Байрақты додаға облыстың түрлі мектептерінен 9-11 сынып оқушыларының 8 командасы жиналды. Қатысушылар турнирдің республикалық кезеңіне жолдамасын өзара сынға салды.
Ойын қорытындысы бойынша үшінші орынды Тимирязев ауданының командасы, екінші орынды Тайынша ауданының баскетболшылары иеленді. Ал Назарбаев Зияткерлік мектебінің спортшылары жеңімпаз атанып, баскетбол алаңында тамаша командалық ойын, шеберлік пен сенімділік көрсетті. Енді петропавлдық NIS оқушыларын жаңа сынақ күтіп тұр – олар республикалық жарысқа қатысып, өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік алады.