logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Төлеген Нұрбатыр ел оқушыларының арасында ұйымдастырылған жасанды интеллект бойынша АІ Olymp бірінші республикалық олимпиадасында III орын иеленді

08 мамыр 2025 13:44

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Төлеген Нұрбатыр ел оқушыларының арасында ұйымдастырылған жасанды интеллект бойынша АІ Olymp бірінші республикалық олимпиадасында III орын иеленді.
Олимпиада зияткерлік жүйелер мен машиналық оқытуды дамытуға қызығушылық танытып жүрген жас айти мамандарының басын біріктірген ауқымды алаңға айналды. Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы ұйымдастырған жарыста Нұрбатыр біздің мектептің намысын абыроймен қорғап шықты. Бұған дейін Нұрбатыр NIS желісіндегі мектептердің оқушылары арасында ұйымдастырылған жасанды интеллект бойынша желілік олимпиадаға да сәтті қатысып, 1 орыннан көрінген болатын.