logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

“Әке – баланың темірқазығы” атты әкелер форумы

06 мамыр 2025 13:49

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет “Әке – баланың темірқазығы” атты әкелер форумы өтті. Бұл маңызды іс-шара оқушыларды және олардың асқар тау әкелерінің басын қосты. Бұл шара өткен жылы мектепте бастау алған аналар форумының заңды жалғасына айналды.
Форум ашық пікірталас форматында өтті, онда қатысушылар әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, отбасылық құндылықтар және ата-аналардың балаларына беретін үлгісі туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шараның бірінші бөлімінде оқушылардың әкелері, қамқоршылық кеңесінің өкілдері, сондай-ақ арнайы шақырылған меймандар сөз сөйледі. Мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Алмас Жапабаев өз балаларын қалай ынталандыратынын, Iron Man-ға қатысу тәжірибесі жайлы көпшілікпен бөлісті. Арнайы шақырылған мейман – балалары әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі - Пенсильвания Университетіне түскен Көкшетау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-анасы, Марат Каримов өзінің ата-ана ретіндегі ойын айтты.
Сондай-ақ, “Сенімен Болашақ” республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік өкілі саналы ата-ана болу мәдениетін қалыптастыру туралы баяндап берді.
Форум баланың өміріндегі әкенің маңызды рөлін еске салатын және шабыттандыратын кездесу болды. Қатысушылар мұндай іс-шаралар қолдау мен сенімнің біртұтас кеңістігін құра отырып, отбасы мен мектептің байланысын нығайтуға көмектесетінін атап өтті.