logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«DÄSTÜR FEST» фестивалі

30 сәуір 2025 13:57

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде «DÄSTÜR FEST» фестивалі ұйымдастырылды. Дәстүрлі іс-шара жыл сайын өскелең ұрпақтың бойында түрлі этностардың салт-дәстүрлері мен қолөнерлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу және толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Биылғы мерекелік шараға мектептің 7-8 сынып оқушылары ат салысты. Шараға қатысушылар әр ұлттың салт-дәстүрлерін көрсетіп, атадан балаға мирас болған жәдігерлерді ұсынып, қолөнерлер бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. «Әр ұлт – бір әлем» кезеңінде оқушылар қатысушылар өз ұлтын таныстырды. Кейін фестивальге қатысушылар әр ұлттың дәстүрін немесе ұлттық ойынын көрсетіп, көпшілікті қызықты шараларға тартты. Шара соңында қатысушыларға түрлі ұлттың бұйымдарымен таныса алды.