Жаңалықтар
“PROBLEM-PROJECT-SOLUTION” мектепішілік ғылыми жобалар байқауы
25 сәуір 2025 14:00
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде “PROBLEM-PROJECT-SOLUTION” мектепішілік ғылыми жобалар байқауы өтті. Байқауға мектептің 129 оқушысы қатысты. Оқушылар бес түрлі бағыт бойынша 93 жобасын ұсынды.
Байқау екі кезеңге бөлінді: алғашқысы көрме болса, кейін қатысушылар өз жобаларын қорғады. Бірінші кезеңде барлық оқушылар өз идеяларын стендтік көрме форматында таныстырды. Постерлерде қатысушылар өз әзірлемелерінің өзектілігін, жаңалығын және практикалық маңыздылығын көрсетті. Мектеп оқушылары мен мұғалімдер жобалармен жақынырақ танысып, жоба авторларына өз сұрақтарын қойып, ұнаған жұмыстарға дауыс бере алды.
Екінші кезеңде қатысушылар өз жобаларын қазылар алқасының алдында қорғап, тақырыпты таңдау себептерін, зерттеу әдістері мен ұсынылған шешімдерді талқылады. Байқау оқушылардың зерттеу және таныстыру дағдыларын дамытуға бағытталған дәстүрлі іс-шара болып табылады. 93 жобаның арасында 43-і жүлделі орындарға ие болды.