logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды

26 тамыз 2025 17:23

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жаңа директор тағайындалды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып Виктор Николаевич Сосин тағайындалды.

Виктор Сосиннің NIS жүйесіндегі еңбек өтілі 15 жылдан асады. Ол өзінің кәсіби жолын Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім қызметінен бастап, 2019 жылдан бері аталған мектептің директоры қызметін атқарып келді.
Виктор Сосин – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша магистрі және Англиядағы Сассекс университетінің білім беру магистрі. Көп жылдар бойы математикалық олимпиадалар бойынша құраманың жаттықтырушысы, математикадан олимпиаданың қазылар алқасының мүшесі болды. Қазіргі таңда CIS сарапшысы.
Білімі мен бай тәжірибесі Виктор Сосинге білім беру үдерістерін терең түсінуге, оқу ортасын дамытуға және жоғары стандарттарды сақтауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ол Петропавлдық NIS-тің мықты бағыттарын одан әрі нығайтып, жаңа бағыттарды дамытуға, оқушылардың жетістіктері мен педагогикалық құрамның кәсіби өсуіне қолдау көрсетуге ниетті.