logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бейімдеу апталығы басталды

25 тамыз 2025 17:24

Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушылары үшін бейімдеу апталығы басталды.
Биыл NIS оқушыларының қатарын 134 жаңа оқушы толықтырмақ: олардың 129-ы «Өркен» мемлекеттік грантының иегері атанса, тағы 5 оқушы ақылы негізде білім алатын болады.
Жаңа оқу жылы басталғанша бір апта бойы балалар жаңа білім беру ортасының ерекшеліктерімен танысады: кураторларымен, пән мұғалімдерімен, мектеп психологтарымен және басқа да қызмет өкілдерімен жүздеседі. Алғашқы күні мектептегі қауіпсіздік техникасына және қарқынды оқу ырғағына бейімделу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар математика, қазақ және ағылшын тілі пәндерін оқуды бастап кетті. Сонымен қатар олар бір-бірімен қарым-қатынас орнатуды үйренеді. Бейімдеу апталығы балалардың NIS отбасына, өмірлеріндегі жаңа кезеңге сенімді қадам басуына көмектеседі.