Жаңалықтар
«Әңгіме құрастыру» қызықты іс-шараcы өтті
09 қыркүйек 2025 14:25
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы кітапханасында 8 және 7 сынып оқушылары үшін «Әңгіме құрастыру» атты қызықты іс-шара өтті.
Оқушылар кездейсоқ сөздер мен суреттер жазылған карточкалардың көмегімен өздерінің әңгімелерін құрастыра алды. Олар үш тілде өз оқиғаларын ойлап тауып, сөздік қорын тексеріп, шығармашылық қабілеттерін, қиялын көрсетті.
Әр оқушы өзінің жеке әңгімесін құрастырған соң, топпен бірігіп ортақ сюжеттер жасады. Сонымен қатар “Кітапханалық бинго”, “HELLO” танымдық шаралары да ұйымдастырылды.