Жаңалықтар
Элективті курстар, үйірмелер мен клубтардың жәрмеңкесі
04 қыркүйек 2025 16:33
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде элективті курстар, үйірмелер мен клубтардың жәрмеңкесі өтті
Жәрмеңкеде 7-12 сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыс бағыттарымен танысып, өздеріне жақын курстарды таңдау мүмкіндігі берілді.
Биыл оқушыларға шамамен 60-қа жуық курс пен үйірме ұсынылды. Олар ғылыми жобалар мен робототехникадан бастап медиа, театр және спорттық секцияларға дейін таңдау жасай алды.
Жәрмеңкенің ерекшелігі – кейбір клубтарды жоғары сынып оқушылары өздері жүргізеді. Клуб жұмысының барысында олар өз тәжірибесі мен қызығушылықтарын кіші сыныптағы оқушылармен бөліседі.
Жәрмеңке жаңа оқу жылының бастамасын айқындап, оқушыларға тың қызығушылықтарды ашуға және достар табуға мүмкіндік береді.