Жаңалықтар
Аризона университетінің өкілдері келді
10 қыркүйек 2025 09:51
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Аризона университетінің өкілдері келді. Бүгінде аталған шетелдік жоғарғы оқу орны М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен бірлесіп, қос дипломды бағдарламаларды жүзеге асыруда.
Жоғары сынып оқушылары қазіргі таңда іске асып келетін бағдарламалармен, олардың артықшылықтарымен және АҚШ-та бір семестр оқу мүмкіндігімен танысты.
Аризона университетінің өкілдері қос дипломды білім берудің мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы жан-жақты айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.