Жаңалықтар
Петропавлдық NIS-те «Денсаулық фестивалі – 2025» өтті
19 қыркүйек 2025 18:41
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алаңында білім ордасының 10 жылдығына арналған спорттық мереке — «Денсаулық фестивалі – 2025» ұйымдастырылды
Көңілді іс-шараның мақсаты – оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Фестивальге оқушылар, олардың ата-аналары және мұғалімдер белсене қатысып, көңілдерін көтерді. Бұл жерде шығармашылық музыка және спорт тоғысты. Қатысушылар орыннан ұзындыққа секіру, қақпаға гол соғу, баскетбол сақинасына дәл түсіру және топтық секіртпемен секіру жарыстарында бақ сынады. Сонымен қатар оқушылар асфальт бетіне сурет салып жарысты.
Жалпыкомандалық есеп нәтижелері:
🥉 3 орын — «Қожаберген жырау» шаңырағы
🥈 2 орын — «Ұрпақ» шаңырағы
🥇 1 орын — «Сәбит Мұқанов» шаңырағы
Мереке қатысушылардың арасныдағы жеңімпаздар дүйсенбілік таңғы жиында анықталып, қошеметке бөленді.