logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Петропавлдық NIS оқушылары бірнеше дебат сайысында үздік нәтиже көрсетті

14 қазан 2025 11:05

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дебатшылары облыстық деңгейдегі бірнеше пікірсайыс турнирінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Аймақтық ІІ JasREPUBLICCup ұлттық дебат турнирінде мектептің намысын Арыстан Аскеров, Нұрай Мұратбек және Ясмина Жетпісбаева қорғаған болатын. Оқушылар бұл додада ІІ орын иеленді.

Сондай-ақ, республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирінің облыстық кезеңінде Петропавлдық NIS-тен үш фракция қатысып, үш лигада да жүлделі орындарға ие болды.
Қазақ лигасында Арыстан Аскеров, Саида Агыбаева және Томирис Марат ІІ орын иеленді. Орыс лигасында Бекзат Казанов, Арлан Сергазин және Салима Шакенова ІІІ орынға табан тіреді. Ал ағылшын лигасында Арлан Әубәкір, Ринат Рысбек және Тайыр Сармантаев ІІІ орынға ие болды.

Бұл турнирде мектеп оқушылары жекелей номинациялар бойынша да ерекшеленді. Бекзат Казанов орыс лигасындағы үздік спикер атанса, ағылшын лигасындағы үздік спикер атағын Арлан Әубәкір иеленді.

Айта кетейік, дебат қозғалысы мектеп өмірінде ерекше орын алады. Дебат үйірмесіне қатысатын оқушылар көшбасшылық, талдау және коммуникациялық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.