Жаңалықтар
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар жиналыстары өтуде
13 қазан 2025 17:11
Петропавлдық NIS-те жаңа форматтағы дәстүрлі ата-аналар жиналыстары өтуде. Бұл күндері әрбір ата-ана пән мұғалімдерімен жеке-жеке кездесіп, өз баласының жетістіктері мен даму бағыттарын талқылауға, сонымен қатар білімін жетілдіруге қатысты ұсыныстар алуға мүмкіндік алады.
Мектеп ұстаздары осыған дейінгі бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін таныстырып, оқушылардың білім деңгейі мен сабақтағы белсенділігі туралы кері байланыс береді. Сондай-ақ алдағы қорытынды жұмыстардың ерекшеліктерін түсіндіреді. Мұндай форматтағы кездесулер ата-аналарға мектептегі оқу үдерісін және бағалау жүйесін жақсырақ түсінуге және ұстаздармен бірлесе отырып, баланы қолдау стратегиясын құруға мүмкіндік береді.
Аталған кездесулер Петропавлдық NIS-те жақсы дәстүрге айналған. Олар жүйелі түрде өткізіліп, мектеп пен отбасы арасындағы серіктестікті нығайтады. Бұдан бөлек, ата-аналар жиналыстарының бұл түрі NIS оқушыларының табысты білім алуына және жеке тұлғалық дамуына қолайлы орта қалыптастырады.