Жаңалықтар
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиеленушілері «Аяла» қарттар үйіне барды
10 қазан 2025 11:12
Қазақстанда қазан айында дәстүрлі түрде қарттарды қолдау айлығы атап өтіледі. Осыған орай Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында тұратын оқушылар мейірімділік шарасын ұйымдастырып, «Аяла» қарттар үйіне барды.
Оқушылар қарияларға арналған кәдімгі мерекелік концерт дайындады. Олар аға буын өкілдері сүйіп тыңдайтын әндерді орындап, түрлі ойындар ойнады, қарттармен әңгіме-дүкен құрды. Сонымен қатар балалар өз қолдарымен жасаған шағын сыйлықтарын дайындап, қарияларға тарту етті.
Мұндай кездесулер NIS жатақханасы тәрбиеленушілері үшін игі дәстүрге айналған – олар жыл сайын әлеуметтік бастамаларға белсенді қатысып, үлкен буынға құрмет пен қамқорлық көрсетуден жалықпайды.