Жаңалықтар
Петропавлдық NIS-тің жатақхана тәрбиешілері KiVa бағдарламасы бойынша біліктіліктерін арттырды
13 қазан 2025 11:16
Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақхана тәрбиешілері KiVa буллингке қарсы бағдарламасы аясында кезекті оқудан өтіп, білімдерін тереңдетті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының арасында буллингтің алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру.
KiVa бағдарламасы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2024 жылдан бері енгізіліп, өз тиімділігін көрсетті. Мектеп ұжымы бағдарламаның негізгі қағидаларын меңгеріп қана қоймай, біліктіліктерін үнемі жетілдіріп, жоғары кәсібилік деңгейін сақтап келеді.
7-сыныптан бастап мектеп оқушылары да KiVa бағдарламасымен танысып, буллинг жағдайында кімге жүгіну керектігін біледі.
Сонымен қатар, арнайы дайындықтан өткен KiVa бағдарламасының жаттықтырушылары Петропавлдық NIS-тің тірек мектептерінің мұғалімдеріне оқыту жұмыстарын жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп келеді.